Қазақстандық теннисші Таиландтағы жарыстың жартылай финалына шықты

334

Фото: Prosports.kz.Бейбіт Жукаев Таиландтағы Bangkok Open челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Ақтау теннис мектебінің түлегі, дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Б.Жукаев ширек финалда әлемнің 271-ракеткасы, монаколық Валентин Вашеромен тартысты кездесу өткізді.


Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші 7:5, 3:6, 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті.


Үшінші, шешуші сетте монаколық спортшы есеп 5:4 болған мезетте матчқа доп берді. Бірақ Бейбіт брейк жасап, таразы басын теңестірді. Сосын тай-брейкте айқын басымдылық танытты. Жукаев бәсеке барысында 18 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.


Жукаев финалға шығу үшін әлемнің 432-ракеткасы, франциялық Артур Казомен кездеседі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.