Қазақстандық футболшылар көш басындағы орнын нығайта түсті

364
Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Қазақстандық футзалшылар топтық кезеңдегі екінші матчында турнир қожайыны Литвамен кездесті. Матчтың 23-секундында Тайнан есеп ашты. Бұл биылғы әлем чемпионатындағы ең жылдам гол болып тіркелді.
 
 Ал екінші таймда қазақстандықтар тағы екі гол соқты. 

Алдымен Дәурен Тұрсағұлов көзге түсті. Кейін Альберт Ақбалықов бұрышты дәл көздеді. Қорытынды есеп - 3:0, Қазақстан құрамасы үш ұпай еншіледі.

Енді Қазақстан 18 қыркүйекте Венесуэла құрамасымен. Бұл ойында жеңіске жетсе, команда топтан бірінші орынмен шығады. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.