"Реал Мадрид" Алматыға келетін құрамын жария етті
Испаниялық клубтың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде доп тебетін ойыншылары белгілі болды.
Құрамды Мадридтің "Реал" клубы жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Фран Гонсалес;
Қорғаушылар: Дани Карвахаль, Эдер Милитао, Давид Алаба, Трент Александер-Арнольд, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хёйсен;
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде мадридтік клубтың қарсыластарының бірі алматылық «Қайрат» болады. Аталған матч 30 қыркүйекте Алматыда өтеді. Билеттер 23 қыркүйек күні сатылымға шығады.