Әлем чемпионаты: Ауыр атлетикадан ел қоржынына екінші медаль түсті

450
Мексикада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

55 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Омаров қола медаль еншіледі, ол екі жаттығу қорытындысы бойынша 224 (100+124 кг) келіні еңсерді. Бұл салмақта үндістандық Гурунайду Санапатхи 230 (124+126) келіні көтеріп, әлем чемпионы атанды.

Сауд Арабиясының өкілі Әли Маджиду 229 (105+124) кг көрсеткішімен күміс медаль алды. Бұған дейін қазақстандық Александра Беленко 40 келіге дейінгі салмақта қола жүлде иелленген еді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.