ӘЧ-2025: Тоғамбай мен Сабырхан ширек финалға жолдама алды

2 346

Сағындық Тоғамбай. Фото: Қазақстан бокс федерациясыҚазақстандық боксшылар Сағындық Тоғамбай мен Төрехан Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті. Қос спортшы ширек финалға жолдама алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Cағындық Тоғамбай 90 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр. Отандасымыз 1/8 финалда ирландиялық Джек Марлимен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан-ақ басымдық танытып, төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Төрехан Сабырхан бұл кезеңде нидерландтық Финн Роберт Боспен қолғап түйістірді. Жекпе-жек аса тартысты өтті. Бірінші раундта нидерландтық боксшы жеңіп, кейін отандық боксшы басымдығын көрсетті. Шешуші раундта екі спортшы да белсенділік танытты. Жекпе-жек соңында төрешілер Төреханның жеңісін тіркеді.

Осылайша, Сағындық Тоғамбай мен Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.