Қазақстандық таеквондошылар әлем чемпионатында 3 медаль иеленді

584

Фото: Prosports.kz.Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатында екі күміс пен бір қола медаль иегерлері атанды, деп  хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Софияда дүбірлі доданың екінші күні мәресіне жетті. Жерлестеріміздің арасынан Әсет Ізғалиев (48 кг), Айдана Сүндетбай (46 кг) мен Тамерлан Тілеулес (51 кг) ерекшеленді.


 Айдана Сүндетбай финалда оңтүстіккореялық Юнсео Кимге есе жіберсе, Тамерлан Тілеулес те алтын үшін таласта Оңтүстік Корея өкілі Х.Янгтен айласын асыра алмады. 


48 кг салмақтың жартылай финалында Әсет Ізғалиевке ирандық А.Занди тосқауыл болды. 


Қазіргі таңда, еліміздің қоржынында екі күміс пен бір қола медаль бар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.