MMA бойынша ел чемпионаты өтеді

2 584

Фото: kazmma.kz25 ақпан және 1 наурыз аралығында Қарағандыда MMA бойынша Қазақстан чемпионаты өтпек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аталған чемпионат Қарағанды қаласындағы "Жастар" спорт кешенінде өтеді. Оған 16-17, 18-20, 21+ жас санаттарындағы жекпе-жек шеберлері қатысады. 


Біріккен ММА федерациясының Instagram парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, жуырда тағы келесі жарыстар өтеді: 2-4 ақпан, Шымкент қаласында MMA бойынша іріктеу чемпионаты; 

  • 3-4 ақпан, Астана қаласында MMA бойынша іріктеу чемпионаты (14-15, 16-17, 18-20.21+ жас санаттары бойынша);
  • 3-4 ақпан, MMA аралас жекпе-жек спорт түрлерінен Батыс Қазақстан облысының жарысы;
  • 3, 12 ақпан, Алматы қаласында MMA бойынша іріктеу чемпионаты; 10-11 ақпан, MMA аралас жекпе-жек бойынша Солтүстік Қазақстан облысының ашық чемпионаты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.