Премьер-лигада «Ақтөбе» мен «Қайрат» көш бастады

2 529

Фото: fcaktobe_official/Instagram2 маусымда футболдан Қазақстан Премьер-лигасы оныншы туры мәресіне жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Екінші ойын күнінде алматылық «Қайрат» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдады. 


Алматылық клуб биыл үздіктер қатарынан көрініп жүрсе, қарағандылық ұжым сәтсіз ойынымен турнир кестесінде көш соңындағы орынның бірін місе тұтып жүр.


Кездесу барысында «Қайрат» қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.

Биыл бас жүлдеге үміткер ретінде саналып жүрген «Ақтөбе» бұл жолы сүрінген жоқ.


Сырт алаңда Түркістанның «Тұранын» 1:0 есебімен сүріндіріп, турнир кестесінде 18 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.


Одан кейінгі орындағы «Қайрат» та дәл осындай ұпай жинады.


Сондай-ақ елордалық «Жеңіс» «Атырауға» 0:1 есебімен жол берсе, «Қызылжар» (Петропавл) мен «Елімай» (Семей) 1:1 есебіне қанағат білдірді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.