Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді

400
UFC файтері қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгниді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін жартылай орта дивизион рейтингінің алғашқы ондығына кірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Рrosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Рахмонов өткен демалыста Лас-Вегастағы UFC турнирінде америкалық қарсыласын екінші раундтың соңында қылқындыру әдісімен жеңді. Бұл оның UFC лигасындағы қатарынан төртінші жеңісі. Қазақстандық спортшы UFC жартылай орта дивизионының үздік жауынгерлерінің рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартты. Ол бірден 5 позицияға көтеріліп, 10-орынға тұрақтады. Рахмоновтан жеңілген Мэгни екі сатыға төмендеп, 12-орынға түсті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.