"Қайрат" футзал клубының бас бапкері Марлон Веласко қызметінен кетеді

2 131

Фото: afckairat"Қайрат" футзал клубының бас бапкері Марлон Веласко маусым аяқталған соң қызметінен кетеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі Futsalkazakhstan сілтеме жасап.

Испаниялық маманның кететіні туралы сыбыстар бұған дейін де тараған еді, ал бүгін клубтың Веласкомен келісімшартты ұзартпағаны белгілі болды. Келесі маусымнан бастап ол Испанияның “Viña Albali Valdepeñas” клубын жаттықтыратын болады.

Марлон Веласко "Қайратты" 2023 жылдың маусым айында басқарып, "2+1" жүйесі бойынша келісімшартқа отырған болатын. Оның басшылығымен команда 2024/25 жылғы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, жартылай финалда Испанияның "Картахена" клубын 3:2 есебімен жеңді.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.