Азия ойындарында Қазақстан алғашқы алтын медальге ие болды

2 037

Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.


“Скиттегі” топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина жеңіске жетті. Біздің спортшылар сондай-ақ Азия ойындарының рекордын орнатты.


Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 10 медаль бар: 1 алтын, 2 күміс, 7 қола. 


23 қыркүйекте басталған додаға спорттың 30 түрінен 524 отандасымыз (262 ер, 262 әйел) бақ сынап жатыр.  Жазғы ойындар 8 қазанға дейін жалғасады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.