Анна Данилина Цинциннати турнирінің екінші айналымына шықты

390
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге алғашқы айналымда аустралиялық Саманта Стосур - тайбэйлік Латиша Чаньмен кездесті.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 7:6 (7:5) есебімен аяқталды.


Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта Анна мен Беатрис 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. Қарсыластары 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.


Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя ширек финалға шығу үшін жапониялық Ена Шибахара - қытайлық Чжан Шуаймен таласады.


Беатрис пен Анна биыл жыл басында Сидней WTA 500 додасында үздік шыққан еді.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Цинциннатиде «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпион болғанын жазған болатынбыз.