Қазақстанның ең қымбат футболшысы анықталды: Самородовтың құны 2 млрд теңгеден асты

2 503

Фото: ҚФФTransfermarkt порталы Ресей премьер-лигасы ойыншыларының жаңа трансферлік құнын жариялады. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, Қазақстан құрамасының ең қымбат футболшысы "Ахмат" клубының ойыншысы Максим Самородов атанды, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Максим Самородовтың трансферлік құны 1 миллион еуроға өсіп, 4 миллион еуроға (2 миллиард теңгеден астам) бағаланған.

Қазақстан құрамасының ең қымбат футболшысы болған Дастан Сәтбаев 3,5 миллион еуромен екінші орында.

Қазақстандық футболшылар арасында құны бойынша үшінші орында ұлттық құраманың капитаны, Санкт-Петербургтің "Зенит" клубының қорғаушысы Нұралы Әліп тұр. Оның трансферлік құны 2 миллион еуроға бағаланады.

Қазақстанның ең қымбат 10 футболшысы:

1. Максим Самородов ("Ахмат") – 4 миллион еуро;

2. Дастан Сәтбаев ("Бернли") – 3,5 миллион еуро;

3. Нұралы Әліп ("Зенит") – 2 миллион еуро;

4. Бахтиёр Зайнутдинов ("Динамо") – 2 миллион еуро;

5. Ислам Чесноков ("Крылья Советов") – 1,2 миллион еуро;

6. Әлібек Қамым ("Астана") – 850 мың еуро;

7. Темірлан Анарбеков ("Қайрат") – 800 мың еуро;

8. Стас Покатилов ("Сабах") – 600 мың еуро;

9. Рамазан Оразов ("Елімай") – 600 мың еуро;

10. Ян Вороговский ("Астана") – 600 мың еуро.

Айта кету қажет, үздік ондықтағы футболшылардың жартысынан көбі Қазақстан чемпионатынан тыс жерде өнер көрсетеді.24 жастағы Максим Самородов 2024 жылдың тамызында Ресейдің Грозный қаласының "Ахмат" клубына ауысты. Осы уақыт аралығында Ақтөбе футболының түлегі 14 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ол негізгі құрам ойыншыларының біріне айналды.

Осы маусымда ол "Ахмат" сапында барлық турнирде 10 матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Максимнің ұлттық құрама сапындағы көрсеткіші де жаман емес: 33 матчта 5 гол соққан.

Қазір Максим Қазақстан футбол құрамасымен бірге Ұлттар лигасында Молдова, Фарер аралдары және Словакия құрамаларына қарсы өтетін матчтарға дайындалып жатыр.

Қазақстан құрамасы 26 қыркүйекте Фарер аралдары құрамасына қарсы сырт алаңда ойнайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.