Қазақстандықтар парапауэрлифтингтен әлем кубогында 32 медаль иеленді
Тбилиси қаласында өтіп жатқан парапауэрлифтингтен әлем кубогы өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәдениет және спорт министрлігінен мәлім еткендей, Қазақстан құрамасы жарыста 32 медаль еншіледі – 11 алтын, 12 күміс және 9 қола.
Атап айтқанда:
1. Айдарқызы Әйгерім 41 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Жасөспірімдер арасында 1-орын және үш тәсілдің қосынды нәтижесі бойынша жасөспірімдер арасында 1-орынды алды. Сондай-ақ көтерілген салмақтың ең үздік нәтижесі бойынша ересектер арасында 2-орын және үш тәсілдің қосындысы бойынша 2-орын иеленді.
2. Солодухина Алина 45 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Көтерілген ең үздік салмақ бойынша ересектер арасында 2-орын және әйелдердің командалық жарысында 3-орын алды.
3. Толжан Фариза 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Көтерілген ең үздік салмақ бойынша ересектер арасында 3-орын, үш тәсілдің нәтижесі бойынша 2-орын жеңіп алды.
4. Берімқұлова Айжан 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Көтерілген ең үздік салмақ бойынша ересектер арасында 2-орынға, үш тәсіл нәтижесі бойынша 1-орынға, аралас командалық жарыста 3-орынға орналасты.
5. Құрманбаева Гүлім – 45 келіге дейінгі салмақта әйелдердің командалық жарысында 3-орынға табан тіреді.
6. Қойшыбаева Раушан – 67 келіге дейінгі салмақ. Көтерілген ең үздік салмақ бойынша ересектер арасында 2-орын, ардагерлер арасында 1-орын және үш тәсіл нәтижесі бойынша 1-орын иеленді. Ал әйелдердің командалық жарысында 3-орын бұйырды.
7. Маханбетова Мөлдір 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Көтерілген ең үздік нәтиже бойынша ересектер арасында 3-орынға және үш тәсілдің нәтижесі бойынша 3-орынға жайғасты.
8. Кәрібай Ерболат 49 келіге дейінгі салмақта үш тәсіл нәтижесі бойынша ересектер арасында 3-орынға және аралас командалық жарыста 3-орынға ие болды.
9. Баққожа Жақсылық 80 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шықты. Үш тәсілдің қорытындысы бойынша ересектер арасында 3-орынға және аралас командалық жарыста 3-орынға орналасты.
10. Хамаев Рахметжан – 88 келіге дейінгі салмақ. Көтерілген ең үздік салмақ бойынша ересектер арасында 1-орын және үш тәсіл нәтижесі бойынша 1-орын иеленді.
11. Баутов Әділжан 97 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын және үш тәсіл қорытындысы бойынша 1-орын алды.
12. 45 келіге дейінгі Бойко Снежанна көтерілген ең үздік салмақ бойынша жасөспірімдер арасында 1-орын және үш тәсіл нәтижесінде 1-орын жеңіп алды. Сондай-ақ ересектер арасында үш тәсіл нәтижесі бойынша 2- орынға ие болды.
13. Әшір Зарина 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Көтерілген ең үздік салмақ бойынша жасөспірімдер арасында 2-ші орын және үш тәсіл нәтижесі бойынша 1-орын жеңіп алса, ересектер арасында үш тәсіл қорытындысымен 2-орынға ие болды.