Әлімханұлы Головкинмен жекпе-жек өткізуі мүмкін бе?
238
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Геннадий Головкинмен өтуі мүмкін жекпе-жек туралы айтты, себебі ол дивизиондағы барлық белдікті алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша титулға үміткер, ал Головкин IBF, IBO және WBA Super белбеулеріне ие.
Сондай-ақ, Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионының "уақытша" белбеуі үшін өтетін титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады.
Ол өз карьерасы туралы айтып, бәсекелестерін бағалады.
Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша титулға үміткер, ал Головкин IBF, IBO және WBA Super белбеулеріне ие.
- «Осы жекпе-жектен кейін Чарломен күрескім келеді. Барлық атақты алғым келеді. Головкин туралы бұған дейін де айттым, ол - менің үлкен ағам. Дәстүріміз бойынша, іні үлкен ағасын жекпе-жекке шақыра алмайды. Головкин салмақ санатын өзгертеді деп үміттенемін», - деді Әлімханұлы fight-library.com-ға берген сұхбатында.
Сондай-ақ, Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионының "уақытша" белбеуі үшін өтетін титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады.
- «Ешқандай қысым жоқ. Бәрі қалыпты, дайындалып жатырмын. Жақында кәсіби бокстың супержұлдызы боламын. Бұған бұрыннан дайын болдым. Жақында жанкүйерлерім көбейеді. Журналистермен сұхбаттасуға арналған камералар да көбейеді. Бұған дайынмын. Бұл - менің өмірім. Мұның бәріне қалыпты қараймын», - деді қазақстандық боксшы.
Ол өз карьерасы туралы айтып, бәсекелестерін бағалады.
- «Кейінгі екі жекпе-жекте әлемнің экс-чемпиондарын жеңдім. Бұл жекпе-жектер оңай болды. Бұл ғана емес, барлық жекпе-жегім өте оңай болады, өйткені залда қанша уақыт жаттығатынымды білемін. Жеңіс оңайлықпен келмейді. Жеңісті ақтау керек. Менің ойымша, кейінгі екі жекпе-жекте бүкіл әлемге жаңа чемпион болатынын дәлелдедім!» - деді ол.