Облыс әкімі Әлем чемпионын марапаттады: Айдос Сұлтанғалиға баспана мен автокөлік берілді

1 545

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметіХорватияда өткен  Әлем чемпионатында жерлесіміз Айдос Сұлтанғали 60 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, ширек ғасырдағы тарихи жеңістің шыңынан көрінді! Бұл жеңіс - тек спорттағы ғана емес, еліміздің атын халықаралық аренада одан әрі биіктеткен оқиға. Айдос Сұлтанғали өзінің қажырлы еңбегі, табандылығы мен жігерінің арқасында қазақ елінің намысын қорғап, Грек-рим күресінен әлемдік деңгейде лайықты танылуға  үлес қосты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Осы орайда, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев  Сыр халқының атынан Айдосқа шексіз алғыс білдіріп, құрмет ретінде пәтер мен автокөлік кілтін табыстады. Бұл сый-сияпат - спортшының жанқиярлық күресі мен жетістіктерінің нақты көрінісі әрі жастарға арналған үлкен мотивация.

Айдос Сұлтанғали - еліміздің спорт тарихында өзіндік орны бар, өз ісіне адал әрі патриот жас спортшы. Оның жеңісі – бүкіл Қазақстанға үлгі, болашақ ұрпаққа бағыт-бағдар береді. Алдағы уақытта да Айдосқа жаңа белестерді бағындыруды, Қазақстан туын жоғары көтеруді тілейміз!

Сыр елі сенім артып, қолдау көрсеткен осындай талантты спортшыларымен мақтанады! Жеңісіңмен шын жүректен құттықтаймыз!

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.