Бокстан Өзбекстан құрамасы Бибосыновтың жеңісіне шағымданып, апелляция түсірді

326

Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Рахматжон Рузиахунов  әлем чемпионатында спортшысы Хасанбой Дусматовтың қазақстандық Сәкен Бибосыновтан жеңіліске ұшырағанына апелляциялық шағым түсірген- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қарсыластар турнирдің бірінші айналымында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырық түйістіріп, төрешілер  жеңісті қазақстандық спортшыға берген еді.Осы жайттан кейін жанжал басталды.

"Хасанбойдың кәсіпқой бокспен айналысқанына екі жыл болды. Сондықтан оның соққы санына қарағанда, күші артқан. Нысанаға дәл тиген ауыр соққыларды ескерсек, ол қазақстандық қарсыласын жеңді деуге болады. Жекпе-жектен кейін біз раундтарды қарап шығып, өз есебімізді жүргіздік. Олардың барлығынан Хасанбойдың көп соққылар жұмсағанын байқадық. Біз жекпе-жекке эмонионалды емес, бейтарап түрде қарадық. Содан кейін апелляциялық шағым түсірдік. Ұрысты көрген төрешілер боксшымыздың екінші раундта жеңіске жеткенін хабарлады. Егер жекпе-жек кезінде дәл осы нәтиже айтылғанда, үшінші раундта Дусматов әлдеқайда сабырлы түрде әрекет ететін еді. Нәтижесінде, соңғы раундты боксшымыз қорқыныш пен тәуекелмен өткізді. Қазақстан құрамасының бапкерлері мол тәжірибеге ие. Сол себепті олардың өз боксшыларына үшінші раундта абай болуды ескерткендері анық", - деді Өзбекстан құрамасының жаттықтырушысы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.