Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды

2 596

Фото: olympic.kzНұрқожа Қайпанов Албанияның бас қаласы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Отандасымыз финалда жапон палуаны Йошиносуке Аоягиден басым түсті. Есеп: 3-5.

Нұрқожа дәл осы салмақта (70 кг) 5 жыл бұрын еліміздің астанасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған. 

Елімізден 2-жыл қатарына еркін күрестен әлем чемпионы шықты. Былтыр Сербия астанасы Белградта Ризабек Айтмұхан 92 кг дейінгі салмақта топ жарған. 

Кеше Қайпанов іріктеуде Митчелл Финесилверді (Израиль), кейін Николай Грахмезді (Молдова), Акаки Кемертелидзені (Грузия) айқын басымдықпен жеңген. Жартылай финалда тәжікстандық Абдулмажид Кудиевті таза жықты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.