«Шымкент» әйелдер клубы рекорд жаңартты

539
«Шымкент» әйелдер футбол клубы Қазақстан чемпионатында 11-рет алтыннан алқа тағып, рекорд орнатты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Шымкенттегі «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда шаһар басшысы Мұрат Әйтенов пен Қазақстан футбол федерация­сының президенті Әділет Барменқұлов жеңімпаз команданы салтанатты түрде құт­тықтап, олардың бұдан да жоғарғы дең­гейлерден көріне беретініне сенім білдірді.

Қазір «Шымкент» әйелдер футбол клубы – УЕФА-ның үздік 20 командасы қатарында. Олар еуропалық футболдың «Барселона», «Бавария», «Лион», «Манчестер Сити» секілді алып­тары­мен жасыл алаңда теңдей ойнады. Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында үш мәрте өнер көрсетті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.