Қазақстан құрамасы Футзалдан ФИФА-ның арнайы жүлдесіне ие болды

400
Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Литвада өткен әлем чемпионатының нәтижесі бойынша футзалдан арнайы жүлде тапсырды деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Sports.kz сайтының хабарлауынша, ұлттық құрама әділ ойыны үшін ФИФА (fair play) жүлдесін жеңіп алған. Марапаттау рәсімінің видесыо желіде жарияланды. 
Айта кетейік, шағын футболдан Литвада өтіп жатқан Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жартылай финалда Қазақстан құрамасынан айласын асырған Португалия турнирдің жеңімпазы атанды. Ақтық сында Португалияға есе жіберген Аргентина екінші орынға табан тіреді. Ал турнирдің үшінші орыны Бразилияға бұйырды. Бес дүркін әлем чемпиондары қола медаль үшін таласта Қазақстанды 4:2 есебімен ұтты. Ел құрамасы сапынан голдарды Альберт Ақбалықов пен Тайнан соқты.  
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.