Қуат Хамитов танымал ресейлік жекпе-жек шебері Александр Шлеменкоға қарсы шықпақ

1 527

Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов танымал ресейлік файтер Александр Шлеменкомен кездеседі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап.


«Ресми! Александр Шлеменко vs Қуат Хамитов. Бүгін, 20 тамызда Ресей ММА аңызы Александр Шлеменкомен айқас өткізу туралы Top Fight лигасының басшысы Марат Сидикеевпен келісімшарт жасалды. Турнир қашан, қайда өтетінін кейінірек білесіздер», - деп жазды Хамитов өзінің Instagram парақшасында.


Қуат Хамитов өзінің кейінгі жекпе-жегін мамырда өткізді: ол Алматыдағы Hardcore MMA лигасының турнирінде өнер көрсетіп, төрешілердің бірауыз шешімімен ресейлік Залимхан Юсуповтан (19-15) басым түсті. Александр Шлеменко кейінгі рет торға шілдеде кіріп, бірінші раундта бразилиялық Алекс Оливейраны (25-15-1) сабмишнмен жеңді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.