Қазақстанға Біріккен күрес әлемі президенті Ненад Лалович келді

2 687

Фото: instagram.com/qazsport_officialҚазақстанға ресми сапармен Біріккен күрес әлемі (UWW) президенті Ненад Лалович келді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ненад Лаловичті арнайы Астана халықаралық әуежайынан ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев және Күрес түрлері федерциясының президенті Дәулет Тұрлыханов күтіп алды.

Күрес әлемі президенті елімізге сапары барысында елордадағы бірнеше спорттық ареналарды араламақ. Атап айтсақ, Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенін, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын өз көзімен көрмек.

Сонымен қатар Лаловичке Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен таныстыру жоспарланған.

Іссапар барысында Біріккен күрес әлемі президенті Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкинмен кездеседі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.