Қазақстан атынан сынға түскен жалғыз боксшы қыз жарыс жолынан шығып қалды

285
Токио Олимпиадасында әйелдер боксынан Қазақстан намысын қорғаған Надежда Рябец бірінші кездесуден соң жарысты аяқтады.

75 келіден жоғары салмақта сынға түскен Надежда алғашқы кездесуде әлем чемпионатының қола жүлдегері, канадалық Тамара Тибомен жұдырықтасқан.
  Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер 4:1 есебімен жеңісті канадалық спортшыға берді.


  Айта кетелік, әйелдер боксынан Токио Олимпиадасына тек қана Надежда Рябец жолдама алған болатын.


  Еске сала кетсек, бұған дейін 2016 жылы Риода өткен Олимпиадада бокстан күміс медаль алған отандасымыз Василит Левиттің Токио ойындарын аяқтағанын жазған едік. 


Боксшы алғашқы кездесуін испаниялық Эммануэль Рейеске қарсы өткізді. Рейес Испания намысын қорғайтын кубалық боксшы.


 Екі спортшының арасындағы жекпе-жек небары бір жарым раундқа созылды. Бірінші раундта төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Испания өкіліне берді. 


Екінші раунд басталған тұста қарсыласының ауыр соққы алған Левит құлап қалды. Төрешілер алдымен нокдаун есептеп, кейін нокаут болғанын анықтап кездесуді тоқтатты. 
Одан бөлек, қазақтың салмағы саналатын 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов те бірінші кездесуінде жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.


Сондай-ақ, бүгін 28 шілдеде шаршы алаңға шыққан тағы бір боксшымыз Серікжан Теміржанов америкалық боксшы Дюк Рэганнан жеңілді. Ол бірінші айналымда венгр боксшысын сенімді жеңген еді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.