«Астана» өз алаңында загребтік «Динамоға» есе жіберді

2 508

Футболдан Конференция лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында «Астана» өз алаңында «Динамо Загребті» қабылдады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Астанаға» плэй-офф кезеңінің жолдамасына таласу үшін өз алаңында «Динамоны» жеңуі керек еді.


Ойынның өзі жылдам голмен басталуы ықтимал болатын. Бірақ 12-минутта Дербо Дарбо пенальтиден гол соға алмады. Шабуылшы кейін де ұрымтал сәттерден мүлт кетті. Үзіліске дейін, осылайша, есеп ашылмады. Ал екінші таймда тек қонақтар гол соқты. 48-минутта 19 жастағы Габриэль Видович есеп ашты. 79-минутта Такуро Канеко есепті еселеді. Ол кезде «Астана» он футболшымен ойнап жатқан, себебі алты минут бұрын Душан Йованчич алаңнан қуылған болатын.

Қазір елордалық клуб 4 ұпаймен үшінші орынға түсті. Хорваттар алты ұпаймен екінші орынға көтерілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.