Футболдан премьер-лига командалары тең ойын көрсетті

1 268

Футболдан Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қостанайдың «Тобыл» командасымен тең түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кездесу барысында қарсыластар тартысты ойын өткізді. Жеңген жағдайда «Ордабасы» бас бәйгеге үміткер командалардан ұзап кететін еді.


Аталған турда оларды өкшелеп келе жатқан «Ақтөбе» тең түссе, «Астана» қарсыласына есе жіберіп қойды. Бұл мүмкіндікті тиімді пайдалана білсе, «Ордабасы» турнир кестесіндегі жағдайын одан әрі жақсарта түсетін еді.


Дегенмен ойын барысында екі команданың да есеп ашатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Дегенмен ол мүмкіндіктерді мүлт жіберіп алды.


Нәтижесінде командалар 0:0 есебімен тең ойнады.


Бұл кездесуден кейін «Ордабасы» «Ақтөбеден» сегіз, «Астанадан» тоғыз ұпайға озып тұр.


Өзге ойындардағы нәтижелер төмендегіше: «Атырау» - «Ақтөбе» 0:0, «Қызылжар» - «Ақсу» 1:0, «Қайрат» - «Астана» 1:0, «Оқжетпес» - «Каспий» 3:3, «Қайсар» - «Жетісу» 1:1, «Мақтаарал» - «Шахтер» 3:1.


Ұлттық құраманың 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы ойындарына байланысты ел біріншілігінде екі аптадан астам үзіліс болады.


Енді алдағы тур ойындары 15 және 16 тамыз күндері өткізіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.