Словения қақпасына жалғыз голды салған футболшы марапатталды

2 571

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Еуро-2024 іріктеу аясында Словенияға қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оразов алаңда кездесудің соңына дейін ойнап, қазақстандықтар сапындағы жалғыз голдың авторы атанды. Рамазанның марапат алған суретін Қазақстан футбол федерациясы Instagram-да жариялады.


Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке тікелей жолдама ала алмады. Магомед Адиев шәкірттері шешуші ойында Словениядан ұтылды – 2:1.


Енді құрамамыз жолдамаға наурызда өтетін Ұлттар лигасы арқылы таласады. Қарсыласымыз – Грекия құрамасы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.