Шет елде қазақ боксшылары қолғап түйістірді

564
Таиландттың Пхукет қаласында халықаралық бокс турнирінде қазақтың қос боксшылары қолғап түйістірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай бір-біріне қарсылас атанды. Жекпе-жектің өзі тең дәрежеде өтті. Соныңда төрешілер шешімімен Сәкен жеңімпаз деп танылды.

Енді қазақстандық боксшы ширек финалда жергілікті Танарат Саенфетпен жолығады.

Бұған қоса, жарыстың алғшақы күні 57 келідегі Серік Теміржанов пен 75 келідегі Аятуллан Тәкіжанов қарсыластарын ұтып, келесі кезеңге өтті.

Ал, ауыр салмқатағы Нұрбек Оралбай уақытынан бұрын қоржынға медаль салды. Жеребе нәтижесінде ол жарысты жартылай финалдан бастайтын болды. Пхукет қаласындағы турнир 10-ші сәуірге дейін жалғасады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.