ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА СПОРТ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Сыр еліне жұмыс сапары кезінде спорт мекемелерінің басшыларымен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Кездесуге салалық министрліктің өкілі, сала мамандары қатысты.
Жиында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстарға, алда жүзеге асырылатын жобалар мен қолға алынған бастамаларға тоқталды.
Айта кетейік, өңірде Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен жаңа спорт кешендері көптеп ашылуда. Өткен жылы 13 спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп, оның 9-ы қолданысқа берілді. Биылға өтпелі болған 4 нысанның құрылысы аяқталды. Жақын күндері ел игілігіне беріледі.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қорымен бірлесіп 3,4 млрд. теңгеге заманауи үлгідегі «Үстел теннисі орталығы» салынды. Аудандарда 4,7 млрд. теңгеге 10 спорт кешені, Қызылорда қаласында халықаралық стандарт талаптарына жауап беретін 11 мың орындық «Орталық стадион» бой көтеріп келеді.