RUB (+0.18) 8.21 KZT
USD (-1.87) 479.42 KZT
EUR (-6.40) 467.91 KZT
Спорт
214

Футболдан Ұлттар лигасында бүгін Қазақстан-Беларусь кездесуі өтеді

Футболдан UEFA Ұлттар лигасы бесінші турында Қазақстан өз алаңында Беларусьті қабылдайды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Аталған кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Турнир кестесінде Қазақстан құрамасы он ұпаймен көш басында тұрса, алты ұпай еншілеген Словакия екінші орында келеді.


Қазақстандық футболшылар Әзербайжанды 2:0, Словакияны сырт алаңда 1:0, өз алаңында 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Ал Беларусьпен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті.


Кездесуде румыниялық Хорациу Фесник бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Валентин Аврам мен Александру Черей көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де бельгиялық Раду Петреску.
Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген. Оның 2-і тең нәтижемен аяқталса, қалғанында беларусьтік құрама жеңіске жеткен.


Айта кетсек, қазақстандық футболшылар С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Беларусь, Әзербайжан мен Словакия.
UEFA Ұлттар лигасында 21 қыркүйекте В лигасы бірінші тобындағы кейінге қалдырылған кездесуде Шотландия Украинадан 3:0 есебімен басым түсті.