Қазақстандық балуан жаңа салмақта жаңа атаққа ие болды

2 512

Фото: ©United World WrestlingҚазақстанның еркін күрестен түңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ел чемпионатында жеңіске жетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Таразда өтіп жатқан U-23 турнирінде Қазақстан чемпионы 125 келіден жоғары салмақта белдесті. Соңғы жарыстарында 97 келіде күрескен Айтмұхан барлық қарсыласын сенімді жеңіп, жаңа титулға қол жеткізген. Чемпионның бапкері Дархан Бейсенов салмақ ауыстыру Рамазан айына байланысты екенін түсіндірді.

"Мақсатымыз 97 келі салмақта күресу, бірақ 125 келіде бақ сынау мүмкіндігі болды, біз оны пайдалана білдік. Ең бастысы 97 келіде Азия ойындарына іріктеуге қатысу. Біз ауыр салмақта бұрын күрескенбіз, екі жыл бұрын Нұркен Әбдіров турнирінде жеңіске жеттік. Оразаға байланысты салмақ түсіру сәл қиындау болды, сондықтан осындай шешім қабылдадық", - деді бапкер.

Ел чемпионатының финалында Айтмұхан Ақтөбеден келген U-23 Азия чемпионатының қола жүлдегері Әлімжан Сәлімжанды жеңді. Тараздағы турнирде жеңіске жеткені үшін спортшы 500 мың теңгенің сертификатын алған.

Спортшының өзі бірінші кезекте Азия және әлем чемпионаттарына, сондай-ақ Азия ойындарына дайындалатынын айтқан.(Видеода)

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.