Дзюдодан Қазақстан құрамасы Грекияда өткен жарыста бірінші орын алды

2 664

Фото: ҰОКДзюдодан жасөспірімдер арасында Грекияда өткен Еуропа кубогында Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жарыста қазақстандық жасөспірімдер 2 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық сайыста медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Атап айтқанда, Гүлхан Шыңғысхан (-48 келі) мен Расул Мұқым (-81 келі) алтыннан алқа тақса, Әсел Русланова (-48 келі), Даниял Сейілхан (-50 келі) және Алтынбек Қонысбай (-60 келі) күмісті олжалады. Ал Нұрдос Досберген (-60 келі), Марғұлан Игілік (-60 келі) және Әділжан Жаудинов (+90 келі) үздік үштікті түйіндеді.