Спортшылардың ағзасын толық тексеретін жаңа жүйе іске қосылды

2 507

Фото:© Almaty_akimdigiАлматыда спорттық резервті ғылыми қолдау бағдарламасы іске қосылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Жоба аясында спортшылардың жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелерінің жұмысы, төзімділік деңгейі, жүктемеден кейінгі қалпына келу процесі және шамадан тыс шаршау қаупі жан-жақты бағалануда. Диагностика барысында дене құрамын талдау, электроэнцефалография (ЭЭГ) және нақты уақыт режиміндегі ЭКГ мониторингімен қатар эргоспирометриялық тестілеу сияқты заманауи технологиялар қолдануда. Бағдарламаның алғашқы қатысушылары – спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың 133 тәрбиеленушісі. Жыл соңына дейін Алматының спорттық резервіне кіретін 200-ден астам жас спортшы тексеруден өтпек. Жиналған деректер жаттықтырушыларға жаттығу үдерісін тиімді жоспарлауға, жүктемені дұрыс бөлуге және жарыс алдындағы жарақат қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.