Париж олимпиадасының жүлдегерлері коронавирус жұқтырып келген

2 562

Фото: ҰОКПариж олимпиадасынан оралған Қазақстан құрамасының спортшылары COVID-19 вирусын жұқтырып келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріп Париж олимпиадасының жүлдегерлері елге коронавирус жұқтырып келгенін мәлімдеді. 

“Құрамадағы үш жүлдегер мен екі бапкерден COVID-19 анықталды. Олардың ПТР-тестілері оң нәтиже берген. Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандар оқшауланып, ем қабылдап жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Тезірек сауығып кетуін тілейміз. Команданың өзге өкілдерінен вирус анықталған жоқ", - деді Диас Ахметшәріп.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.