Еркін күрестен отандасымыз Камиль Куруглиев Азия чемпионы атанды

1 611

Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құрама ел қоржынына төрт жүлде салды, - деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі.

Атап айтар болсақ, 97 келіде сынға түскен маңғыстаулық балуан Камиль Куруглиев финалда өзбек Айназар Базарбаевты ұтып, Азия чемпионы атанды.

57 келідегі Мерей Базарбаев түркімен Амир Амаюновтан, 70 келіде сынға түскен Мұхаметәлі Қабидолданов үнді Нарендер Нарендерден және 79 келідегі Мағжан Жанырбай өзбек Далер Чулибаевтан басым түсіп, құрлық чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Бүгін чемпионатының соңғы күні U20 еркін күрес балуандары 61, 74, 86, 92 және 125 келіде белдеседі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.