Португалия футболшысы Жорже Кошта өмірден өтті

2 325

Фото: fcporto.suПортугалия футболының әйгілі өкілі Жорже Кошта 5 тамыз күні жүрек талмасынан қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

53 жастағы маман соңғы жылдары "Порту" клубының спорттық директоры қызметін атқарып жүрген еді.

Қайғылы оқиға клубтың жаттығу базасында болған. БАҚ өкілдеріне сұхбат бергеннен кейін өзін жайсыз сезінген Кошта ауа райының тым ыстық болғанына шағымданып, есінен танып қалған. Ол бірден ауруханаға жеткізілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Португалиялық клуб әлеуметтік желіде Коштамен бірнеше қоштасу постын жариялады.

Жорже Кошта — "Порту" клубының түлегі, 1992-2005 жылдар аралығында негізгі құрамда өнер көрсетті. Осы кезеңде командамен бірге сегіз мәрте Португалия чемпионы атанып, 2003 жылы УЕФА Кубогын, 2004 жылы Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ол португал футболында айрықша із қалдырған тұлғалардың бірі саналады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.