Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды

418
Бангкокта өткен Азия чемпионатында боксшы Махмұд Сабырхан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Махмұд Сабырхан алтын медаль үшін жекпе-жекте тайландтық Саравут Суктхетпен жұдырықтасты. Төрешілер шешімімен (3:2) Сабырхан қарсыласынан басым түсіп, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды. 

Еске салайық, бұған дейін Санжар Тәшкенбай 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында өзбекстандық Шодиержан Меликузиевті жеңген еді. Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.