Головкин - Канело үшінші жекпе-жегінің басталатын уақыты белгілі болды

598
Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 9:00-де басталады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

WBA (Super), WBC, IBF және WBO супер орта салмақтағы белбеулері бәске тігіледі. Тікелей трансляция DAZN ақылы стриминг сервисі арқылы көрсетіледі.


Жекпе-жектің Қазақстан аумағында көрсетілуі туралы әзірге ақпарат жоқ. Головкиннің барлық соңғы жекпе-жектері Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көрсетілді. Осы дәстүр жалғасын табуы әбден мүмкін. Бұл - қазақстандық пен мексикалық арасындағы үшінші жекпе-жек болмақ. Біріншісінде тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті «Канелоға» берген болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.