Қазақстан құрамасы триатлоннан Азия чемпионатына қатысады

333
23-25 сәуірде Жапонияның Хатцуакичи қаласында үлкен триатлон турнирінен 2021 Asia Triathlon Championships Hatsukaichi атты Азия чемпионаты өтеді.

Сайысқа Жапония, Иран, Өзбекстан, Сирия, Филиппин, Оңтүстік Корея, Гонконг, ҚХР, Монғолия мен Қазақстаннан келген 50 кәсіби спортшы қатысады деп күтілуде. Жапон аспанының астында Қазақстан туын ұлтты құрама мүшелері қорғайтын болады: әйелдер арасында – Арина Шульгина (Қостанай облысы) және Екатерина Шабалина (Нұр-Сұлтан), ерлер арасында – Аян Бейсенбаев (Ақмола облысы), Александр Автушко (Шымент), Ануар Турубаев (Алматы), Дарын Қонысбаев (Нұр-Сұлтан) және Семен Пивоваров (Қостанай облысы).

Ұлттық құрама бұрын да құрлықтық біріншілікте олжалы қайтқандығын еске сала кеткен жөн. 2019 жылы Оңтүстік Кореяда өткен соңғы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар сайыс фавориттеріне сәйкес бәсекелі дода көрсеткен еді. Сол кезде Elite санатындағы әйелдер арасында Арина Шульгина қола жүлде иеленсе, Аян Бейсенбаев пен Темирлан Темиров үздік ондықтың қатарынан көрінді.

Жиырма үш жасқа дейінгі сайыскерлер арасында Дарын Қонысбаев «алтын» алса, Мейрлан Искаков «қола» жүлдені қанжығасына байлаған. U15 санатында алматылық Александр Тен чемпионат иелерінен асып түсіп, бірінші орын алды.