Хоккейден қазақстандық жасөспірімдер құрамасы Францияны жеңді

1 917

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты алдында (1А) Қазақстан құрамасы келешек қарсыласы және турнир иесі – Франция командасына қарсы матч өткізді.


Қазақстандықтар басымдықты бірден қолға алып, қатарынан екі шайба соқты. Есепті Давлат Нұркенов ашты, кейін Егор Левковец мергендік танытты.


Екінші кезең басында Никита Ситников тағы бір соқты, ал бес минут өткен соң дубль жасады. Қарсыластың қақпасына бесінші шайбаны Роман Большедворский енгізді.


Үшінші кезеңде гол авторы Кирилл Канкин атанды. Француздық құрама ойын аяқталарға 6 минут қалғанда Владимир Никитиннің қақпасынан саңылау тауып кетті. Алайда, Егор Левковец Қазақстан құрамасының аталған матчтағы жетінші ұпайының авторы атанды. Дегенмен, алаң иелері ойын аяқталар тұста есеп айырмашылығын жақындата алды, есеп – 2:7. Жеңіс – қазақстан құрамасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.