«Қайсар» ФК-ы не үшін сотқа жүгінді?

251
«Қайсар» ФК-ның директоры заңсыз тағайындалған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.  

Жергілікті футбол командасының тарихы тереңде КСРО чемпионатында Қызылорданың командасы ең алғаш 1968 жылы өнер көрсеткен болатын. Ол кезде команда «Кызыл-Орда» деп аталған, көп ұзамай «Волна» деп өзгертсе, көп ұзамай «Автомобилист» атанды. Кейін қызылордалық команда КСРО чемпионаттарында «Орбита», «Мелиоратор» және «Кайсар» деген атаулармен өнер көрсетуде.  
Бүгінгі күні қызылордалық футбол клубының басынан дау арылар емес. Бұл туралы жергілікті журналистердің бірі  
Әділбек Жақанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын. 

Олай деуге басты себеп, 2021 жылдың қаңтар айында «Қайсар» футбол клубы» ЖШС-нің 51% үлесі Наурызбай Шымболатовтың сенімгерлік басқаруына берілген. Ал заңға сәйкес Шымболатовтың келісімінсіз жаңа директорды тағайындауға жергілікті биліктің құқығы жоқ болып отыр. Сол себепті сот шешімі:


«Шымболатовтың жауапкер «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне әкімшілік бұйрықтың күшін жою туралы талап қоюы қанағаттандырылсын»,-  деген шешімде. 

Сонымен қатар, осы күнге дейін «Қайсар» ФК-на басшылық еткен Жағыппар Жұмахметов сот үкімімен бір айдың ішінде орын босатыуы тиіс.
Дегенмен жанкүйерлер арасында, ақпарат кеңінен тарап, талқылауға түсіп жатыр. Осы орайда,
«Сыр СпортыҚызылорда Қаласының Спорт Бөлімі Наурызбай Шымболатов деген 2021-2022 жылдарда қанша ақша құйды Қайсарға? Шымболатовтың трансферлік және турнирлік жоспары қандай? Бұл жеке клуб демей нақты жауап жазса екен. Шет елде таза жеке клубтар жоспары мен бюджетін жария етеді және трансферлік саясатын жанкүйерлермен санаса отырып жасайды,» - дейді жанкүйелердің бірі Нұржан Бай-Жігіт
 

Естеріңізге сала кетсек, Жағыппар Жұмахметов 2021 жылдың 27 желтоқсанында тағайындалған болатын.
Бұл жөнінде «Қайсар» ФК:
«2021 жылдың қаңтар айында Шымболатов Наурызбай 51% басымдықпен иемденген болатын. Қазіргі таңда сот шешімі бойынша 1 ай көлемінде кадрлық ауыс-түйіс орын алмайды.  Басшылық тағайындауда алдағы уақытта Шымболатов Наурызбай мырзаның келісімімен тағайындалатын болады. Ал, 2021 жылда желтоқсан айындағы тағайындауда спорт басқармасы мәдениетке қарамаған, сондықтан спорт басқармасы мен футбол федерациясының тағайындауымен келген болатын. Ал, трансферлік жоспар жанкүйерлер арасында ақылдасуға жатпайды. Турнирлік жоспарлар бойынша өз дәрежесінде ойнатылады»,- дейді «Қайсар» ФК баспасөз хатшысы Ерасыл.