Қазақстандық жас теннисші Үндістанда өткен жарыстың жеңімпазы атанды

173

Үндістанның Дехрадун қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жас спортшылар финалда бас жүлдені өзара бөлісті.


Жекелей сында 15 жасар Альбина Кәкенова өзінен бір жас үлкен Анастасия Крымкованы 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, ITF Juniors додасындағы алғашқы титулына қол жеткізді.


Есесіне А.Крымкова жұптық сында финалда Сәтима Төрегенмен бірге А.Кәкенова – Ариана Гогулинадан басым түсті.


Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Швейцарияның Тримбах қаласында өткен ITF турнирінде финалға дейін жетіп, онда Польша өкілі Каспер Жукқа есе жіберді – 4:6, 4:6.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.