Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында қола алды

2 205

Фото: ijf.org/judokaТалғат Орынбасар дзюдодан әлем біріншілігінде қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Еліміздің дзюдошысы Талғат Орынбасар Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 60 келі салмақта белдескен спортшы қола жүлде иеленді. Ол үшінші орынға таласта әзербайжандық Низами Имрановтан басым түсті, – делінген ақпаратта.

Бұл аталған біріншіліктегі Қазақстан командасының алғашқы жүлдесі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.