Футболдан Қазақстан құрамасы босниялықтарға қарсы матчте сенсация жасады

297
Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Босния және Герцеговинамен тең түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зеницада өткен кездесуде алаң иелері фаворит болған. Алайда матч 2:2 есебімен аяқталып, сенсация тіркелді. 

Матч есебін қонақтар ашты. 62-минутта Исламбек Қуат бұрыштан әуелеген допты қақпада тулатты.
 
Босниялықтар 12 минуттан кейін таразы басын теңестірді: Миралем Пьянич пенальтиден көзге түсті. 86-минутта алаң иелері алға шықты: Лука Менало бұрыштама кезінде қараусыз қалып, баспен дәл соққы жасады. 

Бірақ матч соңына дейін Талғат Байсуфиновтің шәкірттері есепті теңестіре алды. Қосымша уақытта Бақтиер Зайнутдинов айып соққысынан гол салды. 

Бұл ойыннан кейін Қазақстан құрамасы үш ұпаймен D тобында бесінші орында тұр. Төртінші орындағы босниялықтардың да үш ұпайы бар.