Қазақстандық спортшы тарихта алғаш рет әлем чемпионы атанды

224

Фото: Prosports.kz.

Байдарка мен каноэде есуден Венгрияның Сегед қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық Мария Бровкова екі медаль жеңіп алды, -  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.


Мария 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында топ жарды. Алдымен ол 1000 метрге каноэмен есуден жекелей сында алтын жүлдегер атанды. Бровкова Португалия мен Венгрия қыздарын басып озған. 
Ал 1500 метрге каноэмен есуден жекелей сында Мария үздік үштікке еніп, қола жүлдегер атанды. 
Айта кетелік, бұрын-соңды қазақстандық қыздар байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионатында бірінші орын алмаған. Демек, оралдық Мария Бровкованың бұл жеңісі тарихи жетістік саналады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.