Спорт
305
Едіге Емберді әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық Едіге Ембердң ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды, деп сүйінші сұрады Халықаралық ауыр атлетика федерациясы.
Әлем чемпионаты Мексиканың Леон қаласында өтті. Биатлонның жалпы есепте Едіге Емберді 306 келіні (134+172) бағындырды. Сондай-ақ серпе көтеруде жасөспірімдер арасында жаңа әлемдік рекорд орнатты.
Өзбекстандық Диербек Эрматов күміс, канадалық Брайан Ибаньес қола жүлдені еншіледі.
Едіге Ембердінің алтыны Қазақстан ұлттық құрамасының қанжығасына байланған екінші медаль болды. Бұған дейін зілтемірші Ерасыл Сәулебеков 67 келіге дейінгі салмақта жастар арасында әлем чемпионы атанған болатын.