Харбинде спортшыларымыз тағы екі медаль иеленді

2 660

Фото: ortcom.kzҚазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан аралас командалар арасындағы сайыста Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Командада Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асылхан Асан өнер көрсетті.

Олжас Климин Азия ойындарында шаңғы жарысынан 10 шақырымдық еркін стильде өткен жарыста қола жүлдеге ие болды. Осы сайыс бойынша Жапония спортшылары алтын мен күміс жүлдеге ие болып, медальдық есепте бізден алшақтай түсті. Сондай-ақ қазақстандық спортшылардан 10 шақырымдық еркін стильдегі шаңғы жарысында Владислав Ковалев 6-нәтиже, Наиль Башмаков 10-нәтиже, Ернұр Нұрсбеков 16-нәтиже көрсетті.

Бүгін жарыс жолына шыққан Қазақстан ерлер керлинг құрамасы Азия ойындарында Филиппинге 1:4 есебімен есе жіберді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.