Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек қашан өтетіні айтылды
324

Инсайдер Майк Коппинджер ESPN-ге арналған материалында жекпе-жек 2022 жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін екенін айтты. Ал бұған дейін мексикалық WBC бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын иеленген америкалық Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) кездесуі мүмкін.
"Тағы бір ұсыныс Matchroom Boxing Эдди Хирннен келіп түсті. Ол екі жекпе-жек ұсынды. Ұсыныс бойынша "Канело" 7 мамырда жеңіл салмақтағы титул иегері Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) кездеседі.
Екінші жекпе-жек - 17 қыркүйекте Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы көптен күткен айқас. Бұл жолы 168 фунттағы Альварестің төрт титулы үшін болады", - деді инсайдер.