Қамшыбек Қоңқабаевтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды

653
Қазақстанның бокстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов LifeSport KZ YouТube-арнасына берген сұхбатында Қамшыбек Қоңқабаевтың командаға жақын арада оралады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.
 
«Қамшыбек 6 немесе 2 шілдеде жекпе-жекке шығады (кәсіпқой бокста), кейін ұлттық құрамаға қосылып, Азия ойындары аяқталғанша осында болады», - деді Сәтжанов.
 
Қамшыбек Қоңқабаев (5-0, 4КО) кәсіби рингтегі осыған дейінгі жекпе-жегін ақпан айында өткізді: ол өзбекстандық Фаррух Джураевті екінші раундта нокаутқа түсірді. Қоңқабаев кәсіпқой боксқа алғашқы қадамын 2020 жылы жасады. Бірақ әуесқой бокстан әлі алыстаған жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.