Алматы облысында велоспорттан ел чемпионаты аяқталды

444
Антон Кузьмин велоспорттан Қазақстан чемпионатында  жеңіске жетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Талдықорғанда көпкүндіктің ақтық төртінші кезеңі аяқталды. Төртінші кезең нәтижесі бойынша Иоганн Штайн топ мәреге бірінші болып келді. Александр Семенов екінші болса, Өркен Сламжанов үшінші болып мәре сызығын кесті. 

Антон Кузьмин төртінші кезеңде жүлдегерлер қатарынан көрінбегенімен, төрт кезең қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды. 

Алматы облысының спортшысы төрт кезең қорытындысы бойынша командаластарынан 43 секунд айырмашылықпен бірінші орынға ие болды. Шымкенттік Даниил Марухин екінші орыннан көрінсе, Ақмола облысынң өкілі Иоган Штейн үздік үштікті қорытындылады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.