Мбаппе мен анасы анасы пара берді деген күдікпен тергеуге алынды

2 509

Фото: Opennews.kz ЖИ«Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе мен оның анасы әрі агенті Файза Ламари Франция құрамасының бұрынғы қауіпсіздік қызметкері Мұхамед Санхаджиге қатысты жемқорлық ісі бойынша тергеу аясында жауап берді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Француз БАҚ-тарының мәліметінше, Ламаридің үйінде тінту жүргізілген. Алайда оған ресми айып тағылған жоқ.

Soccer басылымының хабарлауынша, Файза Ламари Санхаджиге қатысты қылмыстық істі қарастырып жатқан үш тергеуші судьяға жауап берген. Қазір ол Францияның құқықтық жүйесінде «күдікке ілінген куәгер» (témoin assisté) мәртебесіне ие. Бұл мәртебе адамға қатысты белгілі бір күдік бар екенін білдіреді, бірақ ресми айып тағылғанын білдірмейді.

Істің негізгі фигуранты кім?

16 қыркүйекте Франция құрамасының қауіпсіздік қызметінде бұрын жұмыс істеген Мұхамед Санхаджиге жемқорлық, алаяқтық және салық төлеуден жалтару бойынша айып тағылған. Бұрын полиция қызметкері болған ол мемлекеттік қаражатты жымқыру, ықпал саудасы және ақшаны жылыстату күдігі бойынша да тергеліп жатыр.

Тергеу нұсқасы бойынша, Санхаджи футболшылардан ақша мен сыйлықтар алған болуы мүмкін. Іс аясында Франция футбол федерациясының штаб-пәтерінде де тінту жүргізілген.

Мбаппе Санхаджиге 180 мың еуродан астам ақша берген

Француз БАҚ-тарының мәліметінше, Килиан Мбаппе Санхаджиге жалпы сомасы 180 300 еуро аударған. Оның 120 мың еуросы футболшының анасының араласуымен тұрғын үй сатып алуға берілген қарыз болған. Ал қалған 60 300 еуро 2022 жылғы әлем чемпионатынан кейін сыйақы ретінде төленгені айтылады.

Мбаппенің өзі де осы қаржылық операцияларға қатысты жауап берген. Дегенмен футболшыға қылмыстық айып тағылғаны туралы ақпарат жоқ.

Тергеу жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта Файза Ламариге ресми айып тағылмаған, ал Мбаппенің де бұл іс бойынша айыпталғаны жөнінде мәлімет жарияланбаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.